Accessibility links

АҚШ-та жеті азаматқа терроризм айыбы тағылды


Америка Құрама Штаттарында жеті азамат "Әл Қаида" ұйымымен сыбайлас боп, террорлық қимылдарды жасамақ болды деп айыпталды. АҚШ бас прокуроры Альберто Гонзалес бұл жеті азаматқа төрт бап бойынша айып тағылғанын жариялады. Жеті азаматқа "Әл Қаида" шетел террорлық ұйымына материалдық көмек көрсету әрекеті, жарылғыш заттарды қолданып ғимараттарды бұзу және жою әрекеті сияқты баптар бойынша төрт айыптың тағылғаны айтылды. Бұл жеті азамат бейсенбі күні Майами қаласында ұсталды.
XS
SM
MD
LG