Германия үкіметі Иран ядролық бағдарлама мәселесі бойынша әлемнің жетекші елдерімен келіссөз жүргізгісі келсе уран байытуын тез арада тоқтатуға міндетті деп мәлім етті. Германия сыртқы істер министрі Франк-Валтер Штайнмайер кеше Берлин қаласында Иран сыртқы істер министрі Манучехр Мотакимен кездесті. Иран министрі халықаралық қауымдастық жасаған ұсыныстар бойынша сөйлесуге дайынбыз, бірақ ешқандай алдын-ала шартты қабылдамаймыз деді. Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік кеңесіндегі бес тұрақты мүше елдер мен Германия Иран ядролық мәселесі бойынша ұсыныс айтқан. Иран нақты жауабын әлі берген жоқ.