РИМ. Италияның жаңа конституциясы бойынша өтіп жатқан референдумда сайлаушылар онша белсенді дауыс бермей жатыр. Референдум бүгін екінші күн қатарынан жалғасып, Прага уақыты бойынша кешкі сағат 5-те аяқталуға тиіс. Референдумға премьер-министрдің билік құзырын кеңейтіп, үкіметтің федеративтік тәсілін енгізу мәселесі қойылып отыр.