Палестин жауынгерлік тобы қолға түскен израйл сарбазы сиоинстердің қолы жетпейтін қауіпсіз жерде ұсталып отыр деп хабарлады. Бұл мәлімдемені бүгін Газадағы Халықтық Қақтығыстар Комитетінің өкілі Мухаммад Абдел Али жасады. Бұл екі күн бұрын Израйл армиясының бекетіне палестина жасақтары шабуыл жасап, израйл әскерін ұрлағаннан бергі бірінші ақпарат. Израйл премьер министрі Эхуд Олмерт көбірек ақпарат алу үшін Израйл түрмелеріндегі палестин әйелдер мен жастарды босатуды сұраған талаптарын қабылдамай қойған. Олмерт израйлдық тұтқынды босатуды әйтпесе, Газаға әскери шабуыл болатынын мәлімдеген.
“Бұл келіссөздердің мәселесі емес, бұл мәміленің немесе ымыраласу жағдайы емес. Бұл кәдімгі халықаралық талаптарды сақтау мәселесі. Әлемдік қауымдастықтың бөлігі болғысы келетіндер сол негіздерді елемей қоя алмайды.Сотталғандарды босатуды израйл үкіметі қарамайды” деген Олмерт.
Израйл әскері мен танктері жаппай Газа секторының солтүстігіне орналасып, тұтқиылдан шабуыл жасау мүмкіндігін қарастырып жатыр.