Accessibility links

БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесі ресейлік төрт дипломаттың Ирақтағы өлімін талқылайды


Ресей БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің басқа мүшелеріне, осы аптада өзінің Ирақтағы елшілігіндегі төрт дипломаттың ұрланып, аяусыз өлтірілгенін қатты сынаған мәлімдемесінің көшірмесін жолдады. Ол жоба Ирақ үкіметі мен АҚШ бастаған одақтас күштерді Ирақтағы шетелдік диломаттардың өмірін сақтау үшін қауіпсіздікті күшейтуге әрі терроризммен күрес жөніндегі шешімдерін қайта қарауға шақырады. Ресей бұл мәлімдемесі үлкен қолдау табады деп сенеді.

АҚШ-тары мен БҰҰ Ресейлік төрт дипломатты Ирақтағы жаугерлердің ұрлап әкетіп, өлтірген ісін қатты сынға алды. Бағдадтағы Ресей елшісінің төрт қызметкері Ирақ астанасында маусымның 3-і күні ұсталған болатын. Елшілік қызметкерлерінің біреуі оларға шабуыл болғанда қаза болған. Одан кейін содырлардың дипломаттарды өлтіргені туралы видео таспадан көрсетіп, оны олар өздерінің Шешенстандағы исламдық экстремистерімен бірлігін таныту белгісі ретінде танытқан. Демек, олар Шешенстандағы Ресей әскерін толығымен шығаруды және Ресей түрмелеріндегі мұсылмандарды босатуды талап еткен. Төрт дипломаттың өліміне жауапкершілікті әл Қаиданың Ирақтағы тобы алған. Ресейдің БҰҰ-ындағы елшісінің орынбасары Константин Долгов сейсенбі күні Азаттық радиосына берген сұхбатында, бүгінде Ресей Қауіпсіздік Кеңесінің басқа мүшелеріне мәлімдеме жолдағанын, енді ол бүгін дауысқа салынатынын айтты.

“Біз Қауіпсіздік Кеңесінің қолдауына иек артып отырмыз. Біз бұл ауыр оқиға туралы мәлімдеме жобасын Қауіпсіздік Кеңесінің қарауына бердік. Енді біз Кеңестің қолдауын күтіп отырмыз”, - деген ол.

Оның алдында Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров бұл өлімдерге жауапкершілік сонымен қатар Ирақ үкіметі мен одақтас күштердің мойнында деп айтқан. Бірақ, Долгов ол жобада жауапкершілік туралы айтылмаған дейді.

“Мәлімдеменің мазмұнына тоқталсақ, онда біз ол әрекетті қатты сынаймыз және біз Ирақ үкіметі мен көпұлтты әскери күштердің дипломаттардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қосымша шаралар қабылдау қажеттігінің маңыздылығын атап көрсетеміз. Қауіпсіздік Кеңесі өзінің 1373 қарары бойынша терроризммен күрес шешімін нақтылайды”, - дейді ол.

БҰҰ-ындағы Британия елшісі Емир Джонс Перри Азаттыққа берген сұхбатында, өзінің БҰҰ-ындағы Ресейлік әріптесімен бұл пікірталас туралы сөйлескенін, енді өздерінің мүмкіндігінше тезірек Қауіпсіздік Кеңесінде бұл мәлімдемені қабылдауға тырысатындарын айтыпты.

“Мен олармен бұл мәселені сөйлестім. Мен олардың жасағысы келген және оны өте тез жасау жөніндегі ұсыныстарын қолдаймын. Біз енді Қауіпсіздік Кеңесінің қарауына берілетін мәтінді қарап жатырмыз. Егер оны біз тезірек мақұлдай алсақ, мен оған қуанар едім”, - дейді БҰҰ-ындағы Британия елшісі.

Ресейдің сыртқы істер министрлігі кеше елшілік қызметкерлері терроризмнің құрбаны болды деген.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG