Accessibility links

Американдық интернет теледидарында қазақстандық жастар да жүр


Күніне шамамен 70 млн-дай адам кіретін интернеттегі YouTube.com сияқты видео веб-сайттардың дәріптілігі өскен сайын, кейбір сарапшылар баршаға белгілі теледидардың қажеттілігі шамалы болатынын айтып отыр. Өйткені, веб-парақшаларда көрермендердің не көретіні туралы шешім қабылдайтын теледидар ұжымы жоқ. Оның орнына, веб-сайтқа кірушілер қалаған видеожазбаны тамашалап, күндіз бе, түн бе - кез келген уақытта өзі көргісі келген видеоны қарай алады. Келешекте қатары көбейетін мұндай “интернеттегі теледидар” елдің еркіне арналған әрі адамдар өздері қалауынша таңдаған хабарын таба алады. Сонымен, интернет теледидары бір мезетте көңіл көтеретін индустрияны өзгертіп, саясат үшін де үлкен ортаға айналуы мүмкін бе?

Интернеттегі "YouTube.com" видео веб-сайтына кірсеңіз сіз әр нәрсені де көре аласыз. Мәселен, мұнда 2002 жылғы әлем біріншілігінде Аргентинаны жеңіп жатқан британиялық футбол ойыншысы Дэвид Бекхамның видеосы бар. Және ол жерде мысықтың баласы марғаудың алғашқы қадамдары мен жасөспірім қыздардың кәсіпқой әуенге билеп жатқанын, тіпті жөндеушінің тапсырыскердің төсегінде ұйықтап қалғаны жайындағы видеоны көресіз. Ал, ол жерден сіз коммерциялық телеарналардағы сияқты жарнамаларды көрмейміз. Сіз ол веб-сайттан өзіңіз таңдаған нәрсені ғана көре аласыз.

Сонымен жаңа интернет теледидарына қош келдіңіз!!! Бұл веб-сайт барған сайын өте белгілі болып барады.

Американдық "Wired" атты мәдени журналдың бас редакторының орынбасары Томас Гоетц, интернет видео сайттарына былай қорытынды жасайды:

“Мың адамның оны немесе жүздегені күн сайын клипті ашып көреді. Тағы бір мәселе, жақсы материалды тек табу проблемасы. Көбісі нашар. Тек бұл жерде болатын жағдай, сізге телеарна тілшісі сіз үшін телеэкран арқылы хабар бермейді”.

Дегенмен, бұл өнімнің құндылығы дыбыс сапасы жақсы хабарлар береді. Бірақ олар, әрдайым бір ортаға танымал бола бермейді. Мысалы, Құрама Штаттардың шығысында өзінің анасы, сіңлісі және үй жануары күзенімен бірге тұрып жатқан 20 жасар қыз туралы жағдайды қараңыз. Оның видеосында ол өзінің күзенімен сөйлесіп, хиттағы өлеңді ыңылдап айтып жүреді. YouTube.com-дағы ол видеоны 1,7 млн-нан аса адам көрген.

Бұл интернеттің видео сайтын естігеннен гөрі көрген әсерлі болады. Аталмыш “YouTube” веб-парақшасының көрермендері көбіне 18 бен 24 аралығындағы жастар. Олардың көбісі ағылшын тілді елдерде тұрады.

Британиялық "Financial Times" басылымы жақында әлемдегі ең үлкен жарнамалар компаниясы телеарнадағы МТВ-ден гөрі YouTube веб-сайты көбірек көрермен жинағанын жазды. Ондағы көрермендердің бәрі ағылшын тілінде сөйлейтін елдерден деп айтуға болмайды екен. Мәселен, ондағы бір клип Алматы қаласындағы төбелеске дайындалып тұрған қазақ жастарын көрсетеді. Хабарларға қарағанда, олар ұялы телефон ұрлау үшін төбелеске дайындық жүргізіп тұрғандай кейіп танытады.

Тағы бір клип 2006 жылдың наурызында өткен Белоруссиядағы сайлаудан үзінді көрсетеді. Ол жердегі сайлауды бақылаушы түсірген бұл видеода сайлау учаскесі ресмилері мен басқа бір бақылаушы арасындағы текетіресті көрсетеді. Белоруссиядағы сайлау кезінде түсірілген бұл клип 9 мың рет ашылған екен.

Осыларға қарағанда, адамдар хабар алғаннан гөрі, көңіл көтергенді дұрыс санайды ма деген ой туады. Мына бір “Evolution of Dance”, яғни “Бидің дамуы” деп аталған клиптің жүргізушісі соңғы кезде билеудің қалай өзгергені туралы көрсетеді.

Жалпы бұл ешқандай саяси мәлімет бермейді. Дегенмен, бұл клипті 26 млн рет ашып көрген. Бұл деген - қазіргі таңда оның авторын супер тележұлдыз етіп жіберуге жетерлік көрсеткіш.
XS
SM
MD
LG