БУХАРЕСТ. Румыния премьер-министрі Калин Попеску Таричэану қорғаныс министріне Ирақтағы 890 жауынгерлік румын әскерін елге қайтаруға нұсқау берді. Таричэанудың мәлімдеуінше, адам қазасының көп болуы мен әскерді Ирақта ұстауға жұмсалатын мол шығынды ескермеуге болмайды. Бірақ премьер-министр румын әскерін шығарудың нақты уақытын айтпады. Ондай шешімді Румыния президенті басқаратын қорғаныс мәселелері бойынша Жоғарғы Кеңес мақұлдауға тиіс.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Орталық Азия мафиясы
Равшан Золотой, Дикий Арман және өзбек қылмыс әлеміндегі дау
-
Шығыс Қазақстан облысы
"Оқушы жалдап, жүгеріні қолмен тердік". Зайсан шаруалары комбайнға зәру
AzattyqTV