Accessibility links

Сербия - Босния-Герцоговинаның біртұтас болып қала бергенін “толық қолдайды”


САРАЕВО. Сербия президенті Борис Тадич Босния-Герцоговинамен “барлық салада” жақсы қарым-қатынаста болуға өз елінің “өмірлік мүддесі” бар деп мәлімдеді. Бүгін Сараево қаласында Босния президенті Сулейман Тихичпен арадағы келіссөзінен кейін Б.Тадич: “Босния-Герцоговинаның біртұтас болғанын Сербия “толығымен қолдайды” және “Боснияның шекарасын өзгерту үшін ешқандай амал жасамайды”, деп кесті. Оның қарсаңында Сербия лидері Хорватия мен Черногорияда болған еді.
XS
SM
MD
LG