Иранның сыртқы істер министрі Манучир Моттаки Техранның ядролық бағдарламасына қатысты ынталандыру ұсынысын тезірек қабылдау талабын қабылдамады. Бейсенбі күні өнеркәсібі дамыған үлкен сегіздік тобы елдері өздерінің шілденің 5-не дейін Иранның бұл ұсынысқа ашық та айқын жауабын естігісі келетіндіктерін айтқан. Бірақ, Моттаки Иранның бұған жауабы тамыз айынан ертерек болмайды деген.