Accessibility links

Баспасөзге шолу. 07.01.2006 жыл


Сенбілік баспасөз Қазақстан Парламенті екінші жұмыс маусымын аяқтағаны туралы жазды. Сонымен бірге басылымдарда прокуратурадағылар өтірік ақпарат беруге әуестенгендігі жайында айтылса, газеттердің бірінде Павлодар облысында қола дәуірінің ескерткіші табылғандығына мән берген.

Маусымның 30-күні үшінші сайланымдағы Қазақстан Парламенті өзінің екінші сессиясының шымылдығын жапты. Осыған орай «Казахстанская правда» газеті былай деп жазды: «Өткен сессия кезінде саяси оқиғалар толы болды: желтоқсан айындағы президент сайлауы, осы жылы Парламент өзінің он жылдығын атап өтті, «Менің Қазақстаным» жаңа әнұраны қабылданды. Парламенттің осы маусымдағы соңғы жиынында Мәжіліс төрағасы Орал Мұхамеджанов соңғы 9 айда депутаттар 94 заң қабылдапты, ал соның Президентпен мақұлданғаны – 71. Спикердің айтуынша, парламенттің осы жұмыс маусымында заң шығарушы биліктің саяси беделін көтеру жолында айтарлықтай қадам жасалында – алғаш рет Парламент Үкіметті жасақтауға атсалысты» деп жазды «Казахстанская правда» газеті.

Бұл тақырып «Айқын» газетінде былайша қозғалған: «Жалпы, сессияның шымылдығын жапқан қос палатаның бірлескен отырысында Үкімет атына қатаң сындар да бағытталған еді. Мысалға: «Ата заңда заң шығару бастамасы құқығы 2 субьектіге–Үкімет пен Парламент депутаттарына берілген, бірақ Үкіметтің бүл саладағы әлеуеті бізден әлдеқайда ауқымды! Атқарушы биліктің бұл бағыттағы күштері әлдеқайда артық, мүмкіндіктері әлдеқайда зор!» деді Орал Мұхамеджанов. Ал спикердің мына бір сыны шенеуніктерге тағылған әлдебір айыпқа ұқсайды: «Үкіметтің, атап айтқанда жекелеген министрліктердің, Агенттіктердің және комитеттердің тарапынан келетін заң жобалары тек қана өздерінің мүддесіне қызмет етеді. Өз органдарына қосымша бақылау, қадағалау құзыреттерін алып беруді көздейтін шараларды енгізу үрдісі толастар емес!» Сосын: «Үкімет үшін өзі бекіткен заң жобалары бойынша жұмыс істеу бағдарламасының графигін бұзу өкінішке орай дәстүрге айналып бара жатқандай. Соның салдарынан заң шығару жұмысындағы жүйелілік бұзылуда, еліміздің құқықтық базасының тұрақтылығына нұқсан келуде!» Расы сол, қазіргі кезде қабылданған заңдарға кейін жүздеп, мыңдап, үсті-үстіне өзгертулер мен толықтырулар енгізіле беретіні сонша, олардың соңынан қарапайым халық түгіл, тісқаққан заңгерлер де ілесе алмай қалуда» делінген «Айқын» газетіндегі мақалада.

«Экспресс К» газеті болса Парламенттің алдағы сессиясында күтіп тұрған жұмыстарға мән берген. Екі айға созылатын демалыстан соң депутаттар қыркүйек айында жұмыс орнына қайта жиналады. Тағы 50-ге тарта заң жобасы Парламенттің қарауын күтіп жатыр» деп жазды «Экспресс К» газеті.

«Прокуратурада жоғарыға өтірігі-шыны аралас ақпараттар жөнелтуді мықтап меңгеріп алыпты» атты мақала «Айқын» газетінде басылды. Прокуратура қызметкерлері арасындағы сыбайлас жемқорлыққа қатысты семинар-кеңесте Алматы облыстық прокуроры Мұхтар Жөргенбаев осы салада заңды белден басуды үйреншікті әдетіне айналдырғандар көбейгендігін жеткізді. Оның айтуынша, қалалық және аудандық прокуратурасында қағазбастылық етек жайған. Осы жылдың алғашқы тоқсаны бойынша қалалық, аудандық деңгейдегі басқару саласындағы сыбайлас жемқорлыққа байланысты бірде-бір қылмыстық іс қозғалмапты. Сырт көзге заң саласындағы шенеуніктердің барлығы өз міндеттерін мінсіз атқарып жатқандай…Лауазымдарын пайдаланып, ойларына келгенді істегендерімен тоқтамай, жүктелген міндетті жылы жауып қою да жиі орын алып отырғаны да семинар-кеңесте қозғалған ең жанды тұстардың бірі болды» деп жазды «Айқын» газеті.

Павлодарлық археологтар біздің заманыңызға дейінгі 14-13 ғасырларға жататын қорым ашқандығы «Литер» газетінде айтылған. Маман бұл қорымды андрон мәдениетіне жатқызып отыр. Қорымның бір ерекшелігі онда жерленген адамдар сол аймақтың мәдениеті бойынша батысқа қаратылып емес, шығысқа қаратылып жатқызылған. Обадағы әйел әртүрлі әшекейлермен табылғанына қарағанда, бұл қорым ан,дрон мәдениетіне тән болса керек деген болжам жасап отыр» деп жазды «Литер» газеті.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG