ТЕЛЬ-АВИВ: Бүгін Израиль премьер-министрі Эхуд Олмерт тұтқынға түскен Израиль жауынгері босатылғанша, армияның барлық күшін палестиналық “лаңкестерге” бағыттауына нұсқау бергенін мәлімдеді. Бүгін таңертең Израильдің соғыс тікұшақтары Палестина премьер-министрі Исмаил Ханияның Газдағы кеңсесіне әуеден соққы берді. Ғимаратқа нұқсан келді. “Хамас” ұйымы басшыларының бірі болып табылатын Хания халықаралық қоғамды Израильге ықпал етіп, оның басқыншылығын тоқтатуға шақырды.