Accessibility links

Тәжікстандағы “Ленин шыңы” бұдан былай “Тәуелсіздік шыңы” деп аталады


ДУШАНБЕ. Тәжікстаннан келіп түскен хабарға қарағанда, тәжік үкіметі совет дәуірінде 1917-нші жылғы орыс төңкерісі және оның көсемі - Владимир Лениннің атындағы 2 шыңның атауын өзгерту туралы шешім қабылдады. Франс-Пресс агенттігіне Тәжікстан президентінің баспасөз-қызметі хабарлағандай, “Ленин шыңы” енді “Тәуелсіздік шыңы” деп, ал “Төңкеріс шыңы” – “Әбу Әли ибо Сина” немесе “Авиценна шыңы” болып аталады.
XS
SM
MD
LG