КАРАКАС. Венесуэла Ресейден алғашқы 2 Су-30 жойғыш ұшағын алды. Олар 5-інші шілде күні өтетін әскери шеруге қатысады. Венесуэла армиясы Американың Ф-16 ұшақтарының орнына өзінің жарағына Ресейден бас-аяғы 24 жойғыш ұшақ сатып алмақшы. Венесуэла президенті Уго Чавестің ашықтан-ашық антиамерикалық саясат жүргізуіне байланысты Пентагон оның жарағындағы өз ұшақтарының құрама бөлшектерін бермей отыр.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық радиосы – 70 жыл
Бодандық немесе аннексия тарихы. Азаттықтың эфирі неге "Елім-ай" мақамымен басталған?
-
Дәулетмұрат Тәжімұратов
"Билік өз қателері үшін жауапкершілікті белсенділерге артты". Түрмедегі қарақалпақ белсендісі
AzattyqTV