МЕХИКО. Мексикада кеше болып өткен президент сайлауының жеңімпазы анықталмай отыр. Ең басты 2 үміткер – Мехиконың бұрынғы әкімі Андрес Обрадор да, консерватор Фелипе Кальдерон да – тең дауыс жинады. Әрқайсысы “мен жеңдім!” деп мәлімдейді. Нарықтық реформаларды қолдайтын Кальдерон – ұлттық экономикаға шетелдік инвестицияларды көбірек тартуға уәде берсе, Обрадор болса – ауыл-шаруашылығына мол қаржы бөліп, кедейлерге деген көмегін ұлғайтпақ. Федералдық сайлау комиссиясы сайлаудың ресми нәтижесін кемінде сәрсенбіге дейін жарияламайтынын мәлімдеп отыр.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық радиосы – 70 жыл
Бодандық немесе аннексия тарихы. Азаттықтың эфирі неге "Елім-ай" мақамымен басталған?
-
Дәулетмұрат Тәжімұратов
"Билік өз қателері үшін жауапкершілікті белсенділерге артты". Түрмедегі қарақалпақ белсендісі
AzattyqTV