Accessibility links

Сүннит депутаттарының фракциясы Ирақ парламентінің отырысына екінші күн қатыспады


Бүгін Ирақтың түкпір-түкпірінде болған түрлі қақтығыста кемінде 10 бейбіт тұрғын мен 2 АҚШ жауынгері мерт болды. Оның ішінде ең зор қантөгіс Мосул қаласында орын алды: қала базарында автокөлікке орнатылған бомба іске қосылып, кем дегенде 7 адам қаза тауып, 20-дан аса кісі жарақат алды. Онымен қарама-қатар Ирақ парламентіндегі сүннит депутаттарының фракциясы өз қатарындағы әйел депутаттың ұрлануына наразылық білдіріп, парламент отырысына 2-нші күн қатыспады.
XS
SM
MD
LG