ВЕНА. Баспасөз бостандығын қорғайтын халықаралық ұйымдар Қазақстан президенті Н.Назарбаевқа баспасөз құралдары туралы кейбір заңға өзгертулер мен түзетулер енгізу туралы даулы заң жобасына вето қоюға немесе тоқтау қоюға шақырған хат жолдады. Штаб-пәтері Венада орналасқан Баспасөздің Халықаралық Институты Н.Назарбаевқа жолдаған осы хатында әлгі заң жобасы Қазақстан журналистерінің онсыз да қиын жағдайын ауырлатып жіберетінін атап көрсетеді.