Accessibility links

Үкіметтік емес ұйымдар “Үлкен Сегіздік” елдерін азаматтық қоғамды сыйлауға шақырды


Сейсенбі күні Мәскеуде халықаралық және ресейлік адам құқықтарын қорғау ұйымдарының 700-дей өкілі жиналып, осы айдың ортасында Санкт Петерборда жиыны болатын “Үлкен сегіздік тобы” елдерін азаматтық қоғамды қорғауға шақырды. Мәскеудегі тілшіміздің хабарлауынша, бұл халықаралық жиынға қатысқан Ресей президенті Владимир Путин бірқатар сынға тап болған.

Бұл екі күндік Азаматтық Үлкен Сегіздік деп аталған жиынның мақсаты - Өнеркәсібі дамыған“Үлкен сегіздік” елдері үкіметтерін, өз саясаттарында адам құқығына қатысты, азаматтық қоғам мен қоршаған ортаға байланысты заңбұзушылықтарға жол бермеуге шақыру. Адам құқын қорғау жөніндегі “Amnesty International” ұйымының бас хатшысы Ирен Хан форумда алғашқы болып сөз алғандардың бірі. Ол ғаламдық саясат қалыптастырудағы азаматтық топтардың қоғамдағы атқарар ролі күшейгенін айтып өтті. Үкіметтік емес ұйымдар ВИЧ/ СПИД дерті мен кедейлік сияқты мәселелермен күреске де айтарлықтай үлесін қосып жатыр деген ол, десе де әлемдегі үкіметтік емес ұйымдардың терроризммен күрестегі әрекеттері жиі кедергіге ұшырап жатқанын айтты.

“Азаматтық қоғамның ролі мен орнының маңыздылығын мойындаған сайын, азаматтық қоғам ғаламдық мақсаттарына қол жеткізуде. Мен өзімнің “Amnesty International” ұйымымды мақтамас едім, егер әлем бойынша дәл бір кезеңде азаматтық ұйымдардың бәрі шектеулер мен қысым көрмесе. Онда дүниежүзіндегі үкіметтік емес ұйымдардың терроризммен күрес пен қауіпсіздік жағдайына қатысты азаматтық қоғамдағы жұмыстары жекелеген қысым астында қалып келеді”, - деді Ирен Хан.

Бұл жиынға қатысушылар Үлкен сегіздік елдері нәсілшілдік, кедейлікпен күресте, босқындардың құқын қорғап, қоршаған ортаны қорғауға міндеттеме алуы керек дейді.

15-17 шілде аралығында Санкт Петерборда өтетін Үлкен Сегіздік тобы елдерінің саммитіне төрағалық ететін Ресей президенті Владимир Путин, өздерінің алдағы саммитте жоғарыда аталған мәселелерді қамтитындай құжат қаралатынын айтты. Бірақ, жиынға қатысушылар азаматтық қоғам мен ақпарат өкілдерін басып, демократияны тұншықтырып отыр деп сыналған үкімет үшін Ресей президентіне де ұсыныс-кеңестер берді.

Еуропалық Кеңестің босқындар және саяси қуғын жөніндегі өкілі Клэйр Риммер, Үлкен сегіздік тобы елдерін соғыстан кейінгі екі аймақ, Ирақ пен Шешенстанда адам құқықтарының бұзылуын тоқтатуға шақырды.

“Үлкен алаңдаушылық тудыратын қарулы қақтығыс болған Шешенстан мен Ирақтағы адам құқықтары жағдайлары. Үкіметтердің адам құқтарын жаппай және түрлі жағдайда бұзуы - терроризмге ыңғайлы орта қалыптастырып әрі қауіпсіздік жағдайын қамтамасыз етуге мүмкіндік бермей отыр. Біз “Үлкен сегіздік тобы” елдерін халықаралық адам құқықтары талаптары негізінде, терроризмге қарсы ұлттық заң қарастыруға шақырамыз”, - деді Клэйр Риммер.

Ал, бұл отырыста сынға ұшыраған Ресей президенті Владимир Путин, қақтығыс аймағында адам құқықтарының бұзылмауына жол бермеу мүмкін емес деген уәжбен, сыннан қашуға тырысты. Және ол, Шешенстандағы әскери әрекеттер аяқталған деді.

«Бүгін Шешенстанда ешқандай әскери әрекеттер жоқ. Ол жерде террорлық әрекеттердің біраз тұтанымы бар, дегенмен ол жерде әскери операциялар болып жатқан жоқ. Армия - казармада. Біздің ол жерде Ресейдің басқа аймағында орналасқандай тұрақты түрдегі әскеріміз бар, олар да Ресей Федерациясының басқа аймағындағы сияқты әскерлер жасап жатқан істермен айналысады», - деді президент Путин.

Путин сондай-ақ, елдегі үкіметтік емес ұйымдардың жұмысын шектейтін жаңа даулы заңға байланысты да сынға тап болды. Ол заң биліктің Ресейдің ұлттық қауіпсіздігіне қауіп төндіреді деген ұйымдардың қаржыландыру жұмысына тыйым салады. Путин бұл заңды қорғап сөйлеп, Кремль үкіметтік емес ұйымдар айтқан сынды ескеріп, заңға өзгеріс енгізді деп айтты. Бірақ, оның жауабы кейбір адам құқығын қорғаушы топтарды сендіре алмады.
XS
SM
MD
LG