Билік президенттіктен үміткер болған Казулинді наурыз айындағы президенттік сайлау кезінде бейбіт ахуалды бұзып, көтеріліс барысында арандатушылық әрекетке барды деп айыптап отыр. Ол 25-ші наурызда Александр Лукашенконың президенттікке қайтадан сайлануына наразылық танытқан митингіде ұсталған болатын. Ел оппозициясы мен Батыс елдері Белорусия сайлауы заң бұзушылықпен өтті деп айтады.