Accessibility links

Еуроодақтың сыртқы саясат басшысы Х.Солана Теһраннан оң жауап күтеді


БРЮСЕЛЬ. Еуроодақтың сыртқы саясат басшысы Хавьер Солананың өкілі мәлімдегендей, Солана мен Иранның ресми өкілі Әли Лариджанидің Брюссельдегі келіссөзі “жақсы қарқынмен басталды”. Бейсенбі күні болып өткен бейресми келіссөзі барысында 11-інші шілдеге белгіленген кездесудің “жақсы негізі” қаланды. Оның айтуынша, Лариджанимен келесі аптаға жоспарланған кездесуінің барысында Солана Иран оның ядролық бағдарламасына қатысты халықаралық қоғамның берген ұсыныстарына өз жауабын береді деп үміттенеді.
XS
SM
MD
LG