КИЕВ. Украина парламентіндегі оппозициялық “Аймақтар партиясы” Социалистік және Коммунистік партиялармен арада коалициялық үкімет құру туралы келісімге қол қойды. Оған сәйкес, “Аймақтар партиясының” лидері В.Янукович премьер-министр болуға тиіс. Оның қарсаңында ғана президент В.Ющенко либералдық партиялардың коалициялық үкімет құрмақ әрекеті сәтсіз аяқталғанын мәлімдеген болатын.