ЛОНДОН. Ұлы Британияның қорғаныс министрі Ауғанстанның оңтүстігіне қосымша мыңдаған жауынгер шоғырландырылғаннан бері тәліптердің белсенді іс-қимылға көшкенін мойындайды. Мұндай пікірін Дес Браун “The Guardian” газетінің бүгінгі санында шыққан сұхбатында білдірді. Өткен сәуір айында Ауғанстанның оңтүстігіндегі Гильменд өлкесіне қосымша 3,3 мың британ жауынгері орналастырылып, оның алтауы қаза тапты.