Accessibility links

Жапония КХДР-сына қатысты Қарардың мазмұнын өзгертуге түбегейлі қарсы


НЬЮ-ЙОРК. Бүгін Жапония БҰҰ-ының Қауіпсіздік Кеңесін Солтүстік Кореяның зымырандық бағдарламасына тосқауыл қоятын шешімді “мейлінше ертерек” дауысқа салуға шақырды. Ресми Токио осы Қарардың мазмұны бойынша ешқандай уәжге бармайтынын ескертті. Қытай мен Ресейдің табанды түрде қарсы болуына қарамастан, бұл құжаттың жобасын Қауіпсіздік Кеңесіне жұма күні Жапония ұсынды. Жапония мен Франция және АҚШ елшілері дүйсенбіге дейін ешқандай дауыс берілмейтінін хабарлады.
XS
SM
MD
LG