Accessibility links

Пхеньянның зымыран ұшыруына қатысты шара қабылдау шешімі алдағы аптада жасалады


Солтүстік Кореяның зымырандық сынақтарына қатысты саяси кернеу апта бойы өзекті тақырыпқа айналып, жағдай әлі біржақты бола қоймады. БҰҰ-ындағы Жапония елшісі Кензо Ошима Қауіпсіздік Кеңесін сынақ жасап жеті зымыран ұшырғаны үшін Пхеньянға санкция салу жөнінде қарар жобасын ұсынды. Халықаралық Қауымдастық бұл мәселенің күрделі екенімен келісіп, дегенмен бұл жағдайды түбегейлі шешуді алдағы дүйсенбіге қалдыруды жөн көрді.

Пхеньянның халықаралық қауымдастықтың ескертуіне қарамастан, сынақ жасап зымырандар ұшыруын, АҚШ бастаған бірқатар елдер “арандатушылық әрекет” деп бағалап, Солтүстік Кореяға санкция салу мәселесін көтерді. Айтулы мәселені Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында ұсынған, БҰҰ ындағы Жапония елшісі Кензо Ошима жұма күні журналистерге айтқанында, Жапония мүмкіндігінше тезірек бұл жобаны қолдап дауыс бергісі келеді деген.

“Мен жаңа ғана шешімді қолдаушы тағы үш ел - Құрама Штаттар, Франция және Ұлыбритания атынан қарар жобасының мәтінін Қауіпсіздік Кеңесіне ұсындым. Мен президенттен бұл мәтінге көк түсті қосуын сұрадым. Мен оның оны жасайтынына сенімдімін. Және мүмкін болса ертең дауыс беруге шақырдым. Бірақ, жағдай алдағы кеңесулерге байланысты болады” деген ол.

Солтүстік Корея сәрсенбі күні жеті зымыран сынағын жасап, оның ішінде алыстағы нысанаға ұшатын “Taepodong-2” зымыранын ұшырғаны әлемдік қауымдастықтың үлкен наразылығы мен алаңдаушылығына негіз болды.

Ол сынақтар 2003 жылы Солтүстік Кореяның ядролық қару таратпау жөніндегі келісімнен шығып, өзінің ядролық қаруды дамытуды жалғастыратын туралы жариялған соң басталған Корей түбегіндегі дағдарысты күрделендіріп жіберді. Жұма күні АҚШ президенті Джордж Буш Чикагодағы баспасөз мәслихатында, Солтүстік Кореяның сынақ зымырандары мәселесіне тоқталды.

“Ол жерде Солтүстік Корея жетекшісі Ким Джонг Лидің жасауы тиіс таңдау бар, ол өзінің ядролық қару бағдарламасынан бас тартып, зымыран сынақтарын тоқтатса, және оны алға жетелейтін жол бар, ол өз халқына көмектесу. Мен ол үшін бұл таңдауды жасау жақсырақ деп сенемін”, - деген Буш.

Буш Солтүстік Корея бойынша жоғарғы деңгейдегі алты жақты келіссөздерге өзінің елшісі ретінде мемлекеттік хатшының орынбасары Кристофер Хилды жолдады. Алты жақты келіссөзге АҚШ, Жапония, Солтүстік және Оңтүстік Корея, Ресей мен Қытай қатысып, олар Пхеньянға зымыран сынақтарын тоқтатуға қысым жасайды.

Жапонияның Қауіпсіздік Кеңесіне ұсынып отырған қарар жобасы вето салу құқы бар Қытай сияқты елдің қолдауын таппауы мүмкін. Қытайдың БҰҰ-ындағы елшісі Ванг Джангуаның сөзіне қарағанда,

“Егер қарар дауысқа түсетін болса, Қауіпсіздік Кеңесінде бірауыздылық болмайтыны анық. Барлық мүмкіндіктер үстел үстінде ашылған”.

Қытай елшісі Қытай қарар жобасына вето салу құқын пайдалана ма, жоқ па, ол туралы ештеңе айтпады.

Сол сияқты Ресей де Солтүстік Кореяның зымыран ұшырғанына үлкен эмоциямен қарауға қарсы болды.

Солтүстік Корея өзінің ядролық және зымыран дамыту бағдарламасы Азияда әскери күштері орналасқан Американ жасағынан төнген қауіпке қарсы тұру үшін деп айтып келеді.
XS
SM
MD
LG