ТЕҺРАН. Иран президенті Махмуд Ахмадинеджад ислам елдерін Израильге қарсы жұмылып, “Сионистік режимді жоюға” шақырды. Бұл үндеуін ол бүгін Ирақтың қауіпсіздігі мәселесі бойынша Теһранда ашылған 2 күндік аймақтық конференцияда естіртті. Оның жұмысына көрші Ирақтың және Мысырдың, Бахрейннің, сондай-ақ Араб елдерінің Лигасы мен Ислам Конференциясы Ұйымының өкілдері қатысуға тиіс.