Accessibility links

Ресми Тбилиси Оңтүстік Осетиядағы лауазымды тұлғаның қазасына өзінің қатысы болғанын жоққа шығарады


ЦХИНВАЛИ. Кеше Цхинвалиде Оңтүстік Осетияның Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Олег Алборов - өзінің гаражына орнатылған қопарғыштың жарылысынан құрбан болды. Оңтүстік Осетияның вице-премьері Борис Чочиев бұл қастандықты Грузияның құпия қызметі ұйымдастырды және оның мақсаты - грузин-осетин жанжалын ушықтыру деп мәлімдеді. Грузия оған тиіп-қашты қатысы жоқтығын мәлімдеп отыр.
XS
SM
MD
LG