Accessibility links

Ресми Теһран Ирақтағы лаңкестікке қарсы күреске аймақ елдерін жұмылдырмақшы


ТЕҺРАН. Иранда кеше аяқталған аймақтық конференцияға қатысушылар Ирақтағы лаңкестікке қарсы күресте өзара ынтымақтасу жөнінде уағдаласты. 2 күн бойы Теһранда жалғасқан форумның соңында Иранның сыртқы істер министрі Манучир Моттақидің хабарлағанындай, шекара қауіпсіздігі мәселесі бойынша Ирақтың ішкі істер министрлігімен оған көрші елдердің министрліктері тығыз да тұрақты байланыста болады. Конференцияға Ирақ, Иран, Мысыр, Бахрейн, Араб елдерінің Лигасы және Ислам Конференциясы Ұйымы өкілдері қатысты.
XS
SM
MD
LG