Халықаралық Гаага трибуналында Сербияның бұрынғы саясаткерлері мен генералдарының қылмыстық сот істері қарала бастады. 6 айыпталушының арасында бұрынғы президент Милан Милутинович та бар. Оларға Косово өлкесінің албандарына қарсы зорлық-зомбылықты жоспарлап, соған тапсырыс берді деген айыптар тағылып отыр.