Accessibility links

Оқу орындарына қарсы шабуылдардың көбеюі олардың жабылуына себеп болуда


НЬЮ-ЙОРК. Адам құқықтарын қорғайтын “Хьюман райтс уотч” ұйымы Ауғанстанның оқу орындарына қарсы шабуылдардың көбеюі олардың жабылуына себеп болып жатқаны айтылған жаңа есебін жариялады. Жаңа есепте 2005-інші жылдың қаңтарынан бері қарай Ауғанстанның мектептері мен оқушыларына, студенттері мен оқытушыларына қарсы 200-ден көп шабуыл жасаған оқиғасы тізіп келтірілген. “Хьюман райтс уотч” ұйымының пікірінше, мұндай шабуылдар Талибан режимін биліктен қуған 2001-інші жылдан бері қарай білім беру саласында қол жеткен жетістіктерді жоққа шығарады.
XS
SM
MD
LG