Accessibility links

Еуропа Одағы басшылығының Ираннан жауап алмақ үміті ақталмады


БРЮССЕЛЬ. Еуроодақ басшылығының мүшесі Хавьер Солана мен Иранның ресми өкілі Әли Лариджанидің Брюссельде өткен келіссөзі нәтиже бермеді. Кездесудің барысында халықаралық қоғамның Теһранға осыдан 1 айдан ерте берген жаңа ұсыныстары тағы да талқыланды. Солана Теһранның осы ұсыныстарға деген жауабын аламын деп үміттеген еді. Алайда Лариджани келіссөздің ұзаққа созылатынын мәлімдеді. Иранның ядролық бағдарламасы төңірегіндегі дағдарысты шешуге бағытталған әлгі ұсыныстарды БҰҰ-ының Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты 5 мүшесі мен Германия әзірлеген болатын.
XS
SM
MD
LG