Accessibility links

Қастандық құрбандарының саны 160-тан да асып, 100-деген кісі жараланды


БОМБЕЙ. Үндістанның қаржы орталығы болып табылатын қаласында жүзеге асырылған лаңкестік қастандықтан, соңғы мәлімет бойынша, кем дегенде 160 адам құрбан болып, бірнеше жүз кісі жарақат алды. Ресми биліктің хабарлауынша, Бомбей қаласының теміржол бекеттері мен жолаушы поездарында араға 15 минуттан салып кем дегенде 7 жарылыс болған. Бомбалар жұрт нағыз көп жүретін уақытта іске қосылған. Үндістанның ірі қалалары мен әуе жайларында қауіпсіздіктің төтенше шаралары қабылданды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG