Accessibility links

Қырғызстан елден АҚШ дипломаттарын шығаруға негіз болған өздерінде нақты дәлел бар екенін мәлімдеді


Бүгін Қырғызстанның сыртқы істер министрлігі мәлімдеме жасап, өздерінде АҚШ елшілігінің екі дипломатының елдің ішкі істеріне араласқаны жөнінде нақты дәлелдері бар екенін айтты. Сейсенбі күні Қырғыз үкіметі үкіметтік емес ұйымдармен орынсыз байланыс құрды деп, американдық екі дипломаттың елден кетуіне нұсқау берген. АҚШ елшілігі болса, ол айыптардың шындыққа үйлеспейтінін айтады. Сонымен қатар, бүгін Қырғызстан мен Құрама Штаттар ресмилері Ауғаныстандағы жағдайға байланысты АҚШ-бастаған одақтас күштердің Қырғыз жеріндегі әуе базасына байланысты келіссөздер өткізу керек болған.
XS
SM
MD
LG