Accessibility links

Днестр жағалауы республикасы тәуелсіздігін жариялау үшін референдум өткізеді


ТИРАСПОЛЬ. Молдовадан бөлінген Днестр жағалауы ресубликасы тәуелсіздік жариялау мәселесі бойынша 17-нші қыркүйекте референдум өткізетінін мәлімдеп отыр. Республика парламентінің хабарлағанындай, сайлаушылар референдумда “Өз ықтияры бойынша Ресейге қосылу үшін Днестр жағалауы республикасы өз тәуелсіздігін жариялауға тиіс пе?” әлде “тәуелсіздіктен бас тартып, Молдовамен қайта бірігуге тиіс пе?” деген екі сауалға жауап береді. Днестр жағалауы – Молдовадан 1990-ыншы жылдардың басында бөлінді.
XS
SM
MD
LG