БОМБЕЙ. Үндістандағы Маһараштра штаты үкіметі басшысының өкілі хабарлағандай, сейсенбі күні Бомбей қаласында болған бірнеше дүркін жарылыстан кем дегенде 200 адам құрбан болды және 700-ден астам кісі жараланды. Ал үнді полициясы бұл шабуылдарда ислам терроризмінің нышаны бар деп мәлімдеді.