Accessibility links

Коалицияның ауған фермерлерін көкнәр егуден бас тартуға көндірмек болған әрекеті, негізінен, сәтсіз болды


ДУШАНБЕ. Тәжікстан Ауғанстандағы АҚШ бастаған коалициялық күштер мен НАТО әскерін экстремизмге қарсы күреске ғана ден қойып, осы елдегі заңсыз есірткі саудасына қарсы күресті ескерусіз қалдырды деп айыптады. Тәжікстанның есірткіге қарсы күрес агенттігінің төрағасы, генерал Рустам Назароның мәлімдеуінше, АҚШ бастаған коалицияның ауған фермерлерін көкнәр егуден бас тартуға көндірмек болған әрекеті, негізінен, сәтсіз болды. Осы аптада Кабулға барған сапары кезінде АҚШ-тың қорғаныс министрі Дональд Рамсфелд есірткі саудасына қарсы күресуге шақырды.
XS
SM
MD
LG