Accessibility links

Израиль мен Ливан арасында қақтығыстар жалғасуда


Израильдің әскери ұшақтары “Хезболлаһ” тобының Бейруттегі штаб-пәтерін қиратты. Осыдан кейін “Хезболлаһ” лидері Хассан Насраллаһ Израильге қарсы “ашық соғыс” жүргізетінін хабарлады. Ал БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі төтенше отырысын өткізіп Израиль мен Ливан арасындағы дағдарыс жөнінде талқылады. БҰҰ-дағы АҚШ елшісі Джон Болтон Сирия мен Иран “Хезболлаһты” қолдауда деп айыптады. Израильдің Мерон қаласында Ливаннан жасалған шабуылдан екі Израиль азаматы қаза тауып, кемінде 5 адам жарақат алды. “Хезболлаһ” соғысушылары Ливан жағалауындағы Израильдің әскери кемесіне шабуыл жасады. “Әл-Жазира” телеарнасының хабарлауынша, осы әрекеттен кейін 4 Израиль жауынгері жоғалып қалған. Кемеге айтарлықтай нұқсан келтірілді деп хабарланып отыр.
XS
SM
MD
LG