Accessibility links

Бүгін “Сегіздік Тобына” мүше елдердің басшылары ресми келіссөздерін бастайды


Сенбі күні Санкт-Петерборда әлемнің алпауыт елдерінің басшылары қатысатын “Сегіздік Тобының” саммиті ашылды. Ресей президенті Владимир Путин мен оның жұбайы “Петродворец” сарайында қонақ асын берді. Британия, Канада, Франция, Германия, Италия, Жапония, АҚШ және Ресей елдерінің басшылары ресми келіссөздерін бүгін бастайды. “Сегіздік Тобының” отырысында қаралатын басты тақырып энергетикалық мәселе болады деп жоспарланған тұғын, бірақ күн тәртібіне енді Таяу Шығыс қақтығысы да енгізіліп отыр.
XS
SM
MD
LG