Израильдің Ливанға шабуылдары бес күн бойы жалғасып, Израильдің әскери ұшақтары Бейруттің оңтүстік аймақтарына әуеден соққы берді. Бірақ зардап шеккендер туралы хабар әлі түскен жоқ. Ал сенбі күні Израиль әскерлері Ливандағы 35 қарапайым халықты өлтірген болатын, олардың 15-і балалар. Ливан премьер-министрі Фоуад Синиора оның елін “апат аймағына” айналдырғаны үшін Израильді айыптап, атысты тоқтатуға шақырды. Ал “Хезболлаһ” соғысушылары Израильдің Тиверия қаласына шабуыл жасап, 8 адамды жарақаттады.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Орталық Азия мафиясы
Равшан Золотой, Дикий Арман және өзбек қылмыс әлеміндегі дау
-
Шығыс Қазақстан облысы
"Оқушы жалдап, жүгеріні қолмен тердік". Зайсан шаруалары комбайнға зәру
AzattyqTV