Канада Сыртқы істер министрі Питер МакКей Израильдің Ливандағы шабуылдарынан 8 канадалықтың қаза болғанын растады. МакКейдің айтуынша, Ливанның Айтарун қаласында орын алған ол шабуылдардан, сондай-ақ, Канаданың 6 азаматы ауыр жарақат алған. Ал бұл арада Ливаннан шетелдіктерді эвакуациялауға бағытталған әрекеттер одан әрі жалғасуда. Италия мен Грецияның әскери ұшақтары бұл елден 350 адамды Кипрға көшірді, олардың ішінде Испания, Италия, Австрия, Чехия және Ирландия елдерінің азаматтары да бар. Бүгін Италияндық кеме арқылы 400 адам Кипрға көшіріледі. Ал Франция Еуропа елдерінің азаматтарын Ливаннан шығару мақсатында бұл елге кемесін жіберді.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Орталық Азиядан барғандар
Ресей түрмедегі мигранттарды Украинадағы соғысқа мәжбүрлеп жіберіп жатыр
-
Сайлау және референдум
Молдова президенті кім болатыны екінші турда анықталады
-
Азаттық толқынында
Қоғамдық қозғалыстарды құптаған Жәнібековтің идеясы өзгерді ме?