Израильдің әскери ұшақтары бүгін Бейруттің бұдан бұрын нұқсан келтірілген әуежайына және көпірлері мен жолдарына тағы да шабуыл жасады. Израиль, сондай-ақ, Ливанның ең үлкен қалаларының бірі Триполиге де әуеден соққы берді деп хабарланып отыр. Жексенбі күнгі Израиль шабуылдарынан Ливанда кемінде 36 адам құрбан болды. Ал “Хезболлаһ” соғысушылары Израильдің Афула қаласына зымырандық шабуыл жасады. Зардап шеккендер туралы хабар әзірше түскен жоқ. Израиль Қорғаныс министрі Амир Перец “Хезболлаһ” қозғалысы Израильдің Хайфа қаласына жасаған зымырандық шабуылы үшін “өте үлкен бағамен жауап береді” деп мәлімдеген болатын. Ол шабуылдан Хайфада 8 адам қаза тапқан тұғын.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
СПИД-пен күрес күні
"ВИЧ адамның мінез-құлқын сипаттамайды". Ауру – үкім емес