Бүгін Сербия премьер-министрі Воислав Коштуница Еуроодақ басшыларын жақынырақ келіссөз өткізуге көндіріп көру мақсатында Брюссельге келеді. Сербия билігі соғыс қылмыскері деп күдіктелген Ратко Младичті халықаралық трибуналға тапсыра алмағаннан кейін мамыр айында келіссөздер тоқтап қалған болатын. Бүгін Коштуница Еуроодақтың ресми өкілдеріне Белград қалай Младичті ұстауды жоспарламақшы деген “жол картасын” ұсынатын болады.