Accessibility links

Израильдың Ливандағы әуе шабуылы кезінде кемінде 30 адам қаза тапты


Ливан бас министрі Фауд Синиора Израильдың Ливанға қарсы шабуылдарын айыптап, Хезболла тобынан тұтқындағы екі Израиль азаматын азат етуді талап етті. Ал сейсенбі күні Израиль кек алу мақсатында өз әуе шабуылын тағы да жалғастырды. Ливанның оңтүстік ауданында кемінде 11 кісі, ал Бейруттағы әскери казармада 9 адам қаза тапты. Жалпы шығын - 30 кісі.

Өз кезегінде Ливан зымырандарымен Израилдың солтүстік аумағына соққы берді. Ол шабуылдан 2 кісі өліп, ондаған адам жарақат алды. Бұл арада Ливаннан шетелдік азаматтар жедел шығып кете бастады. Сондай-ақ, әуе соққысынан қашқан жалпы азаматтардың саны қазірдің өзінде жарты млн-ға жақындаған.
XS
SM
MD
LG