Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттік интернет кеңістігінде электронды үкіметтің www.e.gov.kz веб-порталын іске қосты. Онда тұрғындарға және заңды тұлғаларға арналған 500 қызмет көрсетіледі. Болашақта интернет желісі арқылы белгілі бір қызметке төлем жүргізу мүмкіншілігін енгізу жоспарланған. Сол арқылы лицензия, салық және кеден декларацияларын тарату көзделген. Компьютер және модемі бар кез-келген адам осы жүйеден ақпарат алуға мүмкіншілік алады, дейді мамандар. Ал байланыс құралы жоқ азаматтар кез-келген интернет кафеге келіп, өзіне керекті ақпарат жинауына болады, дейді олар. Бірақ, кәсіпкер Айдос Үкібаев бұл жұмыстың жүзеге асырылатындығына күмәнмен қарап отыр:
- Толық деңгейде жүзеге асатындығына шүбәлімін. Өйткені, жергілікті ауылдық жерлерде, шалғай елді мекендердегі ауыл халқының қарапайым компьютерлік білімдері жоқ. Компьютердің не екенін білмейді. Ал, дәл осы жүйеге көшіп, оны толыққанды меңгеріп, соның қызметін пайдалана алады дегенге шүбәлімін. Ол үшін бүкіл тұрғындарды сауаттандыру керек, компьютерлік білім беру керек. Оған қаншама көп уақыт кетеді. Өйткені қазірдің өзінде әлі компьютер жетпеген ауылдар аз емес.
Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттік басшылығы болса қазақстандықтардың тек 5 пайызы компьютермен жұмыс істей алатындығын мойындайды. Бірақ, соңғы жарты жылда бұл көрсеткішке тағы 200 мың адам қосылды, дейді агенттік төрағасы. Оның сыртында агенттік пен ақпараттық технологиялар компанияларының қауымдастығы арасында хартия жасалып, тұрғындарға компьютерлер жеңілдікпен сатылатын болады, дейді Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасы Асқар Жұмағалиев:
- Мына компьютерлік сатып алу сертификаттарын алғаннан кейін мына компаниялар халыққа жеңілдікті несиемен, жеңілдікпен комьютерлер береді. Қазір біз банктермен, компаниялармен жұмыс істеп жатырмыз.
Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының орынбасары Қуанышбек Есекеевтің айтуынша, Қазақстан ауылдарының 88 пайызының мектептерінде компьютерлік сыныптар бар. Сондықтан болашақта ауылдардада ешқандай қиыншылық болмайды деген сенім айтады агенттік өкілі:
- Ауылдарда қоғамдық пункттер болады. Азаматтар соның ішіне кіріп, өзіне қажетті түгел қызметтерді алады. Ондай орындар әкімшіліктерде, вокзалдарда, далада тұратын болады. Қазір біз әкімшіліктермен жұмыс істеп, сол пункттерді қоямыз.
Ал, кейбір сарапшылардың пайымдауынша қазір Қазақстандағы мемлекеттік органдардың ақпараттандыру жұмысының негізгі проблемасы - әртүрлі мекемелердің өзара ақпарат алмасуының аздығында. Кәсіпкер Айдос Үкібаевта бұл жұмыстың жүзеге асырылатындығына күмән келтіріп отыр, өйткені Қазақстанда басқа елдермен салыстарғанда әлі де болса интернет бағасы тым қымбат, дейді ол:
- Тарифтерге байланысты бұған да көп адамның қолы жете бермейді дегенге сенімдімін. Өйткені, әлі қымбат. Былтыр «Қазақтелеком» бағаны төмендетті деді ғой, соның өзінде әлі жеке адамдардың үйлерінде интернет жоқ. Бір бай кәсіпкерлер, сондай жекелеген адамдар болмаса. Барлығы қазір кеңселерде, белгілі бір ұйымдардың, мекемелердің интернеттерін пайдаланады көпшілік, әртүрлі әдістермен, тамыр-таныспен. Жалпы интернетке қол жетімді емес те. Сондықтан, енді 1-2 жылдың ішінде оған толық қол жетеді дегенге шүбәлімін.
Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасы Асқар Жұмағалиевтің айтуынша, биылғы жылы қыркүйекте елде интернет желісін пайдалану тарифтерін арзандату жоспарланған:
- Әрине, интернет тарифтері азаюы керек. Бірінші маусымда баға 25 пайызға азайды. Енді осы үстіміздегі жылы бірінші қыркүйекте, біздің ойымызша, тағы 25 пайызға тарифтер азайды. «Қазақтелеком» бұл азайтуды қолдады.
Ресми веб-порталдағы ақпарат қазақ және орыс тілдерінде беріледі. Әзірге электронды үкімет құру жұмысының бірінші кезеңіне 10 министрлік қатысып отыр. Ал, электронды үкімет толығымен іске қосылу үшін тағы 10 миллиард теңге керек және бұл жұмыс 2009 жылы бітеді деп хабарланып отыр.