Accessibility links

Таяу шығыстағы қақтығыс 8-ші күнге жалғасуда


Өткен түнде Израйл күштері Ливанның оңтүстігінде Хизболла жасақтарымен соғысты. Бейсенбі Израйл әскерилері өздерінің бұл аймаққа Хизболла ұйымының қару жарағы мен зымыран атқыштарын іздеп кіргенін айтады. Ливан үкімет басшысы Фоуад Синиора екінші аптаға созылған Израйлдың әуе шабуылдарынан Ливанда 300-ден астам адам құрбан болып, мыңдаған адам жараланғанын айтып отыр.

Сәрсенбінің түнінде Израйл күштері Ливанға оңтүстік жағынан еніп, Хизболла жауынгерлерінің қару жарағын жоймақшы болды. Және Хизболла тобының жетекшілері тығылып жатыр деген күдікпен Израйлдың әскери ұшақтары Бейруттың оңтүстігін бомбалаған. Ал, Хизболла ұйымының әл Манар телеарнасының жүргізушісі ол шабуылдардан Хизболланың ешқандай да өкілі өлтірілмегенін демек, жетекшілері мен барлық мүшелері де аман екенін мәлімдеді.

“Хизболла өз қарсыластарының Хизболла жетекшілері тығылып жатыр деп Бейруттағы ғимаратқа әуеден берген соңғы соққысынан өз жетекшілері немесе мүшелері өлді дегенді жоққа шығарады”, - деп хабарлады ол.

Хизболланың бұл өкілі Израйлдың ұшақтары Хизболла жетекшілерін нысанаға алып тастаған ол 23 тонна бомбасы құрылыс жүріп жатқан мешітке түскенін айтады.

Ливан үкімет басшысы Фоуад Синиора кешегі баспасөз мәслихатында, екі тарапты да тез арада соғысты тоқтатуға шақырған. Және ол бұл жағдайға халықаралық қауымдастықтың тікелей араласуын сұраған.

“Мен қақтығыстағы екі тарапты да тез арада үндеуге жауап беруге шақырамын. Атыс дереу тоқтатылуы, қоршау тез алынуы тиіс. Және соғыстан зардап шеккен біздің елге халықаралық гуманитарлық қолдау жасалуы керек”, - деді Фоуад Синиора.

Израйл әскері мен Хизболла жасақтарының екінші аптаға созылған шабуылдарынан Ливанда 300-ден астам адам құрбан болып, мыңдаған адам жараланғанына, және жарты млн-дай халық босып кеткеніне тоқталған Ливан үкімет басшысы Фоуад Синиора былай деді:

“Біз ливандықтар өмірді қалаймыз, біз өмірді таңдадық, біз өлуден бас тартамыз. Біз жылдар бойы соғыс пен күйреуді бастан кешірдік, сондықтан біз мұны айтып отырмыз. Мен шынымен үміт артамын, ашық сенетінім - сіздер бізді дәл осы кезде басылуымызға жол бермейді деп үміттенем”.

Соңғы күндерде жарты миллиондай ливандық Израйл мен Ливандағы Хезболла жауынгерлері арасындағы соғыстан қорғанып үйлерін тастап кетіп жатыр. Мыңдаған ливандық көрші Сирияға босып кетті. Сонымен қатар, шетелдік үкіметтер өз азаматтарын бұл елден кеме арқылы шығарып жатыр. Өйткені өткен аптада Израйл күштері Ливаннның жалғыз халықаралық әуежайындағы барлық жолдарды бомбалап тастаған болатын. Бұл тұрғыда «Кипр апталығы» газетінің тілшісі Чарли Чараламбус жазғандай, Бейрут тұрғындарының негізгі мақсаты өз балаларын ол арадан тезірек аман-сау алып шығып кету болып тұр. Ол араға кеше Франциядан құтқару кемесі келіп жеткен. Оған 400-дей бала отырғызылған. Ал ата-аналар өздері қалса да балаларының тезірек кетулерін қалап отыр, деген ол журналист.

Бүгін АҚШ-тың 40 теңіз жаяу әскері Американ азаматтарын Ливаннан шығаруға көмектесу үшін Бейруттағы жағажайға келді. Соңғы деректерге қарағанда, Еуропа Одағы тараптарды Ливандағы қанды қақтығысты тоқтатуға шақырып, соғыстан зардап шеккен бейбіт тұрғындарға 12,5 млрд доллар көмек беретінін мәлімдеді. Онымен қоса Ресейдің сыртқы істер министрлігі де өз мәлімдемесінде екі жақты соғысты тоқтатуға үндеп, Израйлдың терроризмге қарсы операциясы шегінен тым асып кетті деген. Алайда Израйл вице-премьері Шимон Перес әскери әрекеттерін тоқтатпайтындықтарын танытқан.

Шілденің 20-сы күні БҰҰ Израиль әскерлері мен Ливандық Хезболла тобы арасындағы бұл қантөгісті жанжалды тоқтату мақсатында халықаралық қолдау мәселесін талқылап жатыр. Бейсенбіде БҰҰ бас хатшысы Кофи Аннан бастаған арағайындық тобы Қауіпсіздік кеңесінде Таяу шығыстағы жағдай жөнінде есеп береді. Кофи Аннан Нью-Йоркта АҚШ мемлекеттік хатшысы Кондолиза Райс және ЕуроОдақтың сыртқы саясат бойынша басшысы Хавьер Соланамен осы мәселе бойынша келіссөздер жүргізеді.

Араб тілінде құдай дегенді білдіретін шиитердің әскери және саяси Хизболла ұйымы 1980 жылдың басында құрылған.

AzattyqTV

Қырғыз суретшісі

Лаймен салынған портрет

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG