Accessibility links

Осы аптадағы ең үлкен үш ғылыми жаңалық


Осы аптадағы ең қызықты деген жаңалықтар ғылыми журналдар бетінен табылып отыр. Ғылыми басылымдарға қарай келе, біз назар аударатын үш оқиғаны таптық. Африкада жұмыс істейтін биологтар мүйізтұмсық түрлерінің жойылып бара жатқанын айтады. Геологтар мұхит түбінен бұзылмаған жартас тапса, Ұлыбританиялық ғалымдар адамның нерв жүйесін дамыту үшін жібек жіптің бір түрін пайдаланып жатқанын жазған.

Африка континенті тығыз да жасыл жунглиясы мен қатар арыстан, піл және мүйізтұмсықтар кезіп жүретін ашық та кең дала көрінісімен белгілі. Бірақ бүгінде ол көріністер солай болып қалмауда, өйткені Африка аңдары барған сайын жойылып барады.

Соңғы 150 жылда Африкада мекендейтін тұмсығында бір немесе екі мүйізі болатын аса үлкен сүт қоректі жануар мүйізтұмсықтың түрлері күрт азайып бара жатыр. Бұл жөнінде Аңдарды Дүниежүзілік Қорғау Одағы батыс африкадағы қара түсті мүйізтұмсықтар толығымен жойылып бара жатқанын айтып отыр.

Осы жылдың басында үш ғылыми маман қандайда бір мүйізтұмсықтың түрін іздеп және олардың тірішілікте бар жоғын анықтау үшін солтүстіктегі Камерунға барған. Бірақ, 2500 шақырым жерді кезіп қайтқан олар түк таппаған. Сөйтіп, соңғы жарияланған ғылыми хабарда батыс африкалық қара мүйізтұмсықтар толығымен жойылған деген шешімге келеді мамандар.

2002 жылы Батыс африкалық ол қара мүйізтұмсықтардың саны тек он ғана болған. Бүгінде ол аймақтағы соғыс пен кедейлік бұл жануардың қалғанынының толығымен жойылуына әкелген. Мүйізтұмсықтардың тағы бір түрі Конгода бар, ол ақ түсті мүйізтұмсықтың ол жерде тек төрт түрі ғана қалған. Бұл аймақтағы саяси және экономикалық ахуал тұрақсыз болып тұрғандықтан, бұл мүйізтұмсықтың жойылу оқиғасы Батыс Африкадағы басқа да аңдардың басына келуі мүмкін.

Екінші ғылыми жаңалық

Коста Риканың батысынан 640 шақырымдай жерде желкен қайықтан мұхит теңізінің түбіне жаттықтырушыларды жіберіп, төменге жүздірген. Бұл жақында ғана Тынық мұхитында ең терең жүзушіні анықтауға арналған жоба бойынша халықаралық ғалымдар тобының жоспары болды. Оның нәтижесінде, ғалымдар теңіз түбінен бұрын соңды көрмеген әрі қатты сақталып еш бұзылмаған геологиялық жартасты тапқан. Ғалымдар енді ол мұзға айналған әрі қатты сақталған геологиялық денені зерттеп жатыр.

Бұл тұрғыда біріккен Мұхит жаттықтырушылары бағдарламасы жобасының директоры Джефф Фокс:

“Ең маңыздысы бұл бірінші рет табылды әрі біздің мұхит түбіндегі процесс барысында бұзылмаған тастарды жинау кезінде табылып отыр”, - дейді.

Фокстың сөзіне қарағанда, табылған үлгі 10 млн жылғы және алдағы айларда ол Еуропалық лабораторияларда, Солтүстік Америка және Азияда сарапқа салынатын болады. Әзірге геологтардың білетіні - одан жердің тылсым табиғаты туралы жаңа ақпарат алуға болады.

Үшінші ғылыми жаңалық

Жібек матаны әлемдегі адамдар әдемілігі мен жұмсақтығы үшін бағалайды. Дегенмен, қазір Ұлыбританияның зертттеушілер тобы жібек жіпті басқалай мадақтайтын себеп тауып отыр. Ол келешекте адамдардың үзілген немесе нұқсан келген жүйкесін жібекпен жалғауға болады екен.

Екі түрлі лабораториялық және жануарлардағы зерттеулерде жібек жіптің арнайы түріне сынақ жасалған. Онда жібек жіптің жүйкелерді жалғастырып өсіріп жіберетіні анықталған.

Сол себепті жібек жіптермен жұмыс жасаған зерттеушілер алдағы кезде оны жүйкені жөндеуге пайдалану мүмкіндігін айтып отыр.
XS
SM
MD
LG