Бүгін Еуропалық елдер БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 15 мүшесіне егер Иран уран байытуды тоқтатпаса, Техранға санкция салу жолын қарастыратын қарар жобасын таратты. Британия, Франция және Германия дайындаған бұл құжатты Құрама Штаттар қолдап отыр. Бірақ, Қауіпсіздік Кеңесінде вето қою құқы бар Ресей мен Қытай бұл құжатқа қарсы. Ол қарар бойынша дауыс беру мерзімі анықталған жоқ. Кеше Иран өзінің ядролық бағдарламасына қатысты халықаралық қауымдастықтың соңғы ұсынысына 22 тамыздан ерте жауап бермейтінін айтты.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Баспасөзге шолу
Швейцарияға жеткен қазақ пен өзбектің алтыны Ресейдікі ме?