Сөйтіп Израиль 13-күн қатарынан Ливанға әуеден соққы беруде. Ливан полициясының хабарлауынша, Израиль ұшақтары Ливанның оңтүстігіндегі босқындар лагеріне шабуыл жасап, 6 адамды жарақаттаған, олардың ішінде бір сәби де бар. Бүгін АҚШ мемлекеттік хатшысы Кондолиза Райс Таяу Шығыстағы жағдайды талқылу үшін осы аймаққа келеді. Ал Сауд Арабия елі қантөгісті тоқтату мақсатында Израильдің “Хезболлаһ” соғысушыларына қарсы әскери әрекеттеріне АҚШ президенті Джордж Буштың араласуын сұрады.