Accessibility links

Израиль соңғы тәулікте Ливандағы 270-ге жуық нысанға шабуыл жасаған


Израильдің құрлықтағы әскерлері Ливанның “Хизбаллаһ” тобы орналасқан Бинт-Джбайл қаласына кірді. Хабарларға қарағанда, Израильдің әскери ұшақтары соңғы тәулікте Ливандағы шамамен 270-нысанаға шабуыл жасаған. “Хизбаллаһ” соғысушылары да Израильдің солтүстігіне зымырандарын атып, кемінде 13 адамды жарақаттаған. Шілденің 12-і күні басталған қақтығыстардан Ливанда 400-ге жуық адам қаза тапты, олардың көбі қарапайым тұрғындар. Ал құрбан болған израильдіктердің саны 37-ге жетті.
XS
SM
MD
LG