Accessibility links

Еуропа одағы алдында миллиондаған босқын мәселесін шешу жауапкершілігі тұр


Ливандағы соғыс әрекеттеріне байланысты ЕуроОдақтың оңтүстігіндегі елдер алдында босқыншылық тасқынына байланысты аймақтық күрделі жағдай қалыптасып отыр.

Бұл араға Израильдың шабуылынан қашқан жүз мыңдаған адам баспана іздеп келуде. Ол жөніндегі дерек-мәліметтер ЕуроОдақ елдерінің әділет және ішкі істер министрлерінің Брюссельдегі бас қосуында келтірілді. Қазірдің өзінде Испанияның Канар аралдарына дейін 10 мыңдаған босқын жетіп үлгірген.

Италияның оңтүстіктегі шағын Лампедуза деген аралына да осыншама босқын келген. Мальта еліне келіп үлгіргендер де 1200-ден асады. Ал босқындар көші одан әрі жалғасуда. Кеме, қайықпен жолға шыққандардың есебі өз алдына анықталатын бір мәселе.

Сонымен, Жерорта теңізі аймағындағы шегараға қаншама бақылау жасалғанымен босқындарды тоқтату мүмкін болмай отыр. Жалпы, Ливаннан жолға шыққан босқындар саны қазірдің өзінде жарты млн-нан асып кетіпті. ЕурОдақ комиссионері Франко Фраттинидің айтуынша, соңғы тәуліктерде бір ғана Кипрге он мыңдаған босқын жетіп келген. Олардың басым көпшілігі еуропалықтар екен.

- Біздің алдымызда өте күрделі жағдай туындап отыр. Бұл арада Кипрге біздің қолдауымыз, көмегіміз қажет. Босқын мәселесінде Кипрге өте үлкен салмақ түсіп отыр, - дейді комиссионер.

Міне, енді бұл тығырықтан шығу мақсатында ЕуроОдақ оңтүстік аймақтағы шегарада біріккен күзет оперцияларын өткізуге келісіп отыр. Бұл орайда төрт мемлекет өз кемелерін ұсынса, қалған 9 ел адам күшімен көмектеспек. Мұндай шаралар Испания мен Мальтада басталып кетті. Қаржылай демеушілікті ЕурОдақ мойнына алған.

Ал өткен жылы Испания рахымшылық ретінде 800 мың азаматқа тұру рұхсатын берген екен. Италия болса жарты млн-дай заңсыз мигранттың жағдайын шешпек.

ЕуроОдақ тіпті теңіз жағалауындағы Африка елдерінен де баспана көмегін сұрап отыр. Ондай көмекке Мавританиядан кейін іле-шала Сенегал да кірісіп кетіпті.

- Теңіз шегарасы жағалауында Мавритания еліне қоса күзет қоюға Сенегал да келісіп отыр, - дейді Франко Фраттини.

Фраттинидің айтуынша, ЕуроОдақ Африка елдері бағытындағы транзиттік аймақ Ливияның көмегін де сұрапты. Ал өткен айда Морокко астанасы Рабатта өткен халықаралық жиында миграция мәселесі арнайы талқыланған болатын. Енді ол мәселе жыл соңына қарай тағы да қаралмақ.

Жалпы, жыл сайын ЕуроОдақ елдеріне Ресей, Украина, Молдово және өзге алыс мемлекеттерден он мыңдаған мигранттар келеді. Германия мен Австрия, ЕуроОдаққа жаңадан мүше Польша, Чехия және Словакияның қолдауымен бұл мәселеге жіті назар аударғанымен әлі де болса шешімін күткен жағдайлар баршылық, дейді талдаушылар.

Солардың бірі виза мәселесі екен.
XS
SM
MD
LG