Accessibility links

Грузия әскері сәрсенбі күні кешкісін Кодор шатқалындағы операциясын қалың тұманға байланысты тоқтатты


Грузияның Ішкі істер Министрлігінің арнайы қызметі бұл аймақтан бұрынғы өкілетті президент Эмзар Квициани мен оның қарулы жақтастарына іздеу жүргізген. Онда Жоғарғы Ажара елді мекеніндегі үңгірлер басып алынған. Квицианидің 13 жасақшысы үкіметке беріліп, 80-дей адам ұсталған. Грузияның парламенттегі Қорғаныс комитетінің басшысы Гиви Таргамадзе үкіметтік күштер бейсенбі күні Кодор шатқалының барлық ауылдарын бақылауға алуды жоспарлап отыр деген.
XS
SM
MD
LG