Accessibility links

Хизболла мен Израйл күштерінің қақтығысында 9 израйлдық әскер мерт болған


Израйл армиясының хабарлауынша, Ливанның шекарасындағы Бинт Джбейл қаласындағы қақтығыста тоғыз израйл әскері қаза болған. Сонымен қатар, 20 израйлдық сарбаз оңтүстік Ливандағы қарулы қақтығыста жараланған. Хизболла тобының жауынгерлері өткен тәулікте солтүстік Израйлге 125 зымыран атып, бірнеше адамды жаралаған. Ал, бұл арада Палестина госпиталының ресмилері сәрсенбі күні 14 палестиндіктің Газадағы шабуылда құрбан болғанын айтты.
XS
SM
MD
LG